13.06.2023
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ата-аналарға және оқушыларға арналған жадынама.
Жаз мезгілі балалар үшін демалыс, сауық-сайран мен ойын кезеңі. Ата-аналар өте мұқият болу керек, себебі түрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан əр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болған жөн.
Ата-аналардың жəне өзге де заңды өкілдердің құқықтарымен міндеттері:
- Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты жəне қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
- Демалыс мезгілінде су қауіпсіздігін сақтауынқадағалау: жасы кішкенебалаларды өздігінен өзенге жібермеу; өзенге шомылғанда терең жерге бармау туралыескерту;
- Сіріңке, жарылғыш, тез жанғыш заттарды, пышақ, тағы да басқа денсаулыққа зиян əкелетін заттарды қолдануғаболмайтынын ескертіп отыру;
- Демалыс мезгілінде кешкі 22.00.ден кейін далада жүрмеуге; жолда , көшеде келе жатқандабейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспеуге, сөйлесуге болмайтынын ескертіп отыру;
- Елді мекендерде орналасқан ойын-сауықтыру мекемелеріне (кафе,ресторан, түнгі клубтар; т.б.) мектеп оқушыларының баруға болмайтыны туралы, тыйым салынатынын ескертіп отыру.
- Компьютерді пайдаланғанда, теріс ықпалы байқалған сайттар мен ойындарға кіруіне тыйым салыңыз.
- Жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, үлкен жолда арнайы, жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүру қажеттігін үнемі ескертіп отыру;
- Көпірден жəне темір жолдан өту кезіндеабай болу қажеттігін естеріне салып отыру;